2024 жылдың 16-17 тамызында «Щучье» шипажайы базасында Құрылыс кешені мен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының «Астана» қалалық филиалы Лайықты еңбек жылына арналған кәсіподақ активінің форумын өткізді. Форум жұмысына филиалдың құрылымдық және мүшелік ұйымдарының көшбасшылары қатысты.
Филиалдың мүше ұйымдары Лайықты еңбек жылына арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында кәсіподақ жобаларына белсенді атсалысуда.
«Ұжымдық шарт – лайықты еңбек кепілі!» акциясы шеңберінде филиалдың бастауыш ұйымдары өздерінің Ұжымдық шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізді: еңбекақы төлеу бөлігінде – жалақыны жыл сайынғы индекстеу, еңбекке жарамсыздық парағы бойынша ақыны ұлғайту, сауықтыруға арналған жәрдемақы мөлшерін ұлғайту, кәсіподақ ұйымының босатылмаған төрағаларына қосымша ақылы демалыс беру.
Форум жұмысы барысында қатысушылар кәсіподақтар қызметінің құқықтық негіздері мен психологиялық аспектілері бойынша оқудан өтіп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар алды. Сондай-ақ, тәжірибелік мысалдарда заңнамалық нормаларды қолдану мәселелері, кәсіподақта ынталандыру жүйесі мен серіктестік қатынастарды құру әдістері, конфликтологияның психологиялық аспектілері қаралды.
Форумға қатысушылар мұндай кездесулердің практикалық құндылығын атап өтіп, іс-шараны ұйымдастырушыларға берілген мүмкіндік үшін алғыстарын білдірді.