Мектеп оқушыларына жаңа оқу жылы басталатын уақыт жақындады. Жылдағы дәстүр бойынша ұйымдар «Мектепке жол» науқанында белсенділік танытып, мектеп сөмкелерін жабдықтауда.
«Sеnim» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Қызылорда облыстық филиалы облыс көлеміндегі емдеу мекемелерінде қызмет атқаратын кәсіподақ мүшелері балаларына арналған 210 оқу-құралдары салынған сөмкелер дайындады. Облыстық филиал төрағасы Сәулебек Ысқақов балаларға сыйлықты бастауыш ұйымдардың кәсіподақ төрағаларына табыстап, оқу жылына сәттіліктер тіледі.
Кездесуде филиал төрағасы кәсіподақ ұйымдарының игілікті шаралардан қалыс қалмайтындығын, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек мүдделері әрқашан назарда екендігін атап өтті.