Есеп беру-сайлау конференциясы өтті

Құрылыс кешені мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Ақтөбе филиалының  есеп беру- сайлау конференциясына Салалық кәсіподақ төрағасы Құсейін Есенғазин, Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Алтынбек Әмірғалиев және Батыс Қазақстан, Қостанай т.б. облыстардың Салалық кәсіподақ филиалдарының төрағалары мен жергілікті және бастауыш ұйым жетекшілері мен бірқатар әлеуметтік әріптестер қатысты.

Салалық кәсіподақтың Ақтөбе филилалының төрағасы Қуанбай Коктов өткен 5 жылдық кезеңде атқарылған жұмыстарының есебін берді.

Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Алтынбек Әмірғалиев конференцияға қатысушыларды ең алдымен облыс көлемінде атқарылып жатқан оң бастамалармен таныстырып, кәсіподақ ұйымдарының алға қойған мақсаты- ұжымдық келісім шарт аясында әлеуметтік әріптестермен тығыз іскерлік байланыс орнатып, еңбек адамына лайықты әлеуметтік кепілдіктер қарастырып,олардың еңбек құқықтарын қорғауға ат салысуы керектігін жан-жақты баяндады. Өз сөзінде жыл сайын Ақтөбе облысында жаңадан кәсіподақ қатары толығып,бастауыш кәсіподақ ұйымдары саны артып отырғанын атап өтті.

Құрылыс кешені мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің Салалық кәсіподағының төрағасы Құсейін Есенғазин ҚРКФ биылғы жылды «Лайықты еңбек жылы» деп атап осы аясында кәсіподақ мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, жергілікіті жерлерде үшжақты әлеуметтік комиссияларға белсене араласып, жұмысшы құқығын қорғаудағы белсенділіктерін, жұмыс орындарындағы еңбек кауіпсіздігі мәселелеріне баса назар аудару керектігін де тілге тиек етті.

Жаңа есепті мерзімге Салалық кәсіподақтың Ақтөбе филилалының төрағасы Қуанбай Коктовтың  кандидатурасы ұсынылды. Есеп беру сайлау конференциясының делегаттары бір ауыздан Қуанбай Шәпиұлының кандидатурасын қолдап дауыс берді.