Балалы отбасыларды қолдау, әсіресе оқу жылының басталуына дайындық кезінде өте маңызды. Кәсіподақтар жұмысшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда, оның ішінде әлеуметтік көмек көрсетуде маңызды рөл атқарады. Мұндай бастамалар отбасының қаржылық жүктемесін жеңілдетуге және балалардың мектепке баруына жақсы жағдай жасауға көмектеседі.
Игі дәстүрге айналған «Мектепке жол» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы елордалық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымдары кәсіподақ мүшелеріне әлеуметтік көмек көрсетуде.
Соның ішінде, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әкімшілік ғимараттар дирекциясының «БОЛАШАҚ» бастауыш кәсіподақ ұйымы мектеп табалдырығын алғаш аттайтын бүлдіршендері бар отбасыларға 15 000 теңгеден 25 сертификатты табыс етті.
Қайырымдылық акциясы жылдан-жылға кәсіподақ мүшелері тарапынан үлкен ықылас пен алғысқа ие болуда. Сертификатқа ие болған «БОЛАШАҚ» бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері алғыс сөздері мен тілектерін білдірді.