Конституция күніне орай медицина қызметкерлері марапатталды

Бүгін Шымкент қаласында, Конституция күніне орай, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалы, халық денсаулығын жақсарту жолында жылдар бойы жемісті еңбек етіп келе жатқан медицина қызметкерлерінің еңбектерін елеп, мереке қарсаңында марапттады.


Салтанатты шараға «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бас маманы Ермек Қаңлыбаев, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Шымкент қалалық филиалының төрағасы Қобланбек Оналбеков, ақ халатты абзал жандар мен кәсіподақ активі қатысты.


Жиын барысында сөз алған «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» АКБ-нің бас маманы Ермек Қаңлыбаев ақ халатты абзал жандарды Конституция күнімен құттықтап, денсаулық саласында аянбай еңбек етіп жүрген медицина қызметкерлеріне қызметте табыс пен жетістіктер тіледі.


Сонымен қатар «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қобланбек Оңалбеков те өз әріптестерін Конституция күнімен құттықтап, денсаулық сақтау саласындағы үздіктеріге салалық кәсіподақ, қалалық мәслихат және Шымкент қаласы әкімі атынан алғыс хаттар, төс белгілер, құрмет грамоталар мен сый-сияпаттар табыстады.


Мереке қарсаңында марапатталған қызметкерлер кәсіподақтар орталығына көрсеткен қолдауы үшін шын жүректен алғыс білдірді.