«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Шымкент қаласының Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы мемлекеттік мекемесінің кәсіподақ мүшелерін «Мемлекеттік Кірістер Комитетінің 10 жылдығымен» және «30 тамыз – ҚР Конституция күнімен» құттықтап, басқарманың қызметкерлеріне «Еңбек озаты» төс белгілерін табыстады.
Атап айтқанда, «Еңбек озаты» төс белгісімен Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Туреханов Данияр Алиханұлы, басқарма басшысының орынбасарлары Батырбаев Рауан Жаркынбекұлы мен Сламбеков Нұрғали Байдалыұлы марапатталды.