Татуластыру орталығының жұмыс тәжірибесімен бөлісу

2024 жылғы 26 тамызда Төраға Асылбек Нұралин бастаған «QAZAQMETAL Kasipodagy» Қазақстандық салалық тау-кен металлургия кәсіподағы» ҚБ кәсіподақ көшбасшыларының командасы Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Татуласу орталығы» татуластыру орталығының жұмыс тәжірибесімен танысты.

Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Динара Айтжанова облыс кәсіпорындары қызметкерлерінің құқықтық консультациялар алуы және медиативтік рәсімдерді өткізуі үшін барлық жағдай жасалған татуластыру орталығын құру тарихымен бөлісті.

ҚРКФ Заң клиникасы филиалының басшысы Марина Иванова еңбек дауларын қызметкерлердің пайдасына оң шешудің нақты жағдайларымен және татуластыру келіссөздер жүргізуден бастап медиация арқылы еңбек дауын реттеу туралы келісімге қол жеткізуге дейінгі татуластыру орталығының жұмыс алгоритмімен бөлісті.