2024 жылғы 27 тамызда Павлодар Достық үйінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Қазақстан Республикасының Конституциясы және цифрлық демократия: жаңа технологиялар арқылы азаматтық құқықты нығайту» тақырыбында Павлодар облыстық және қалалық мәслихаттар депутаттарының, заңгерлердің, азаматтық қоғам өкілдерінің, кәсіподақ қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің, жастардың қатысуымен «SARAP» сараптамалық клубының өңірлік отырысы өтті.
Іс-шарада Қазақстанның делиберативті демократиясы практикасы, азаматтардың электрондық өтініштерін қарау, цифрлық кеңістікте құқықтарды қамтамасыз ету және дербес деректерді қорғау мәселелері қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар нақты сұрақтар қойып, ұсыныстар берді.