28 тамыз күні Орал қаласында «Talpyn» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Шараға өңірден 40-тан астам жұмыс беруші мекемелер қатысты.
Сонымен қатар, «Ауыл аманаты», «Бір ауыл-бір өнім» жобаларының қатысушылары мен IT – технологиясы саласындағы көрме, мастер класстар өткізілді. Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығының төрағасы Есекенова Айгүл Оразқызы, өз кезегінде, жәрмеңкеге қатысқан «Орал «Зенит» Зауыты» АҚ, «Жайық Таза қала» ЖШС, «Батыс Қазақстан Аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС мекемелерін алғыс хатпен марапаттап, кәсіподақ ұйымының атынан шараға белсене қатысқандары үшін алғыс білдірді.
Жәрмеңкелерді өткізу компания өкілдеріне өз кәсіпорындарының мүмкіндіктерін таныстыруға мүмкіндік береді, ал жұмыс іздеушілер қысқа уақыт ішінде кадрларды іріктеуге мүдделі жұмыс берушілермен сөйлесе алады, қызығушылық танытқан бос жұмыс орындарды таңдай алады және таңдап алған бос лауазымға өту үшін әңгімелесуден өте алады.