2024 жылғы 2 қыркүйекте Павлодар Кәсіподақтар үйінде Павлодар облысының салалық, жергілікті кәсіподақ қоғамдық бірлестіктері филиалдарының төрағалары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады.
Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қазақстанның алдағы кезеңдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына арналған халыққа Жолдауымен сөз сөйледі.
Ел Президенті 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді, – деп Мемлекет басшысының Жолдауында атап өтілді.
135 мыңнан астам жұмысшы – кәсіподақ мүшелерінің мүддесін қорғайтын кәсіподақ қоғамдық бірлестіктері бұл бастаманы зор ынтамен қабылдады, бұл еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму жолында тағы бір маңызды бағыттың қабылданғанын көрсетеді.