«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымдары – құрамында 276 кәсіподақ мүшесі бар Шымкент қаласының Тұран ауданы әкімі аппаратының «Тұран» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және құрамында 216 кәсіподақ мүшесі бар Абай ауданы әкімі аппаратының «Абай» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының ұйымдастыруымен кәсіподақ жарнасының есебінен кәсіподақ мүшелерінің балаларына арнап, 50 көпбалалы отбасының балаларына мектеп оқу құралдарын табыстады және өз таңдауларымен алу үшін 10 көпбалалы отбасына нақтылай ақшалай көмек берді.
Атап айтқанда, «Тұран» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымы 50 көпбалалы отбасыға 1 млн. 250 мың теңгеге мектеп оқу кұралдарын алып берсе, ал «Абай» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымы 10 көпбалалы отбасыға нақтылай ақшамен әр отбасына 30,0 мың теңгеден жалпы 300,0 мың теңге нақтылай ақшамен тапсырды.
Аталған мекемелердің кәсіподақтары тарапынан жалпы 60 көпбалалы отбасына 1 млн. 550,0 мың теңгенің көмегін берілді.