Мереке аясында марапатқа ие болды

Конституция күнін мерекелеу қарсаңында Астана-Көгалдандыру» ЖШС-де салтанатты шара өтті.

Кәсіпорын басшылығының атынан бас директордың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Берік Жетпісбаев пен кәсіподақ ұйымының төрағасы Рүстем Токходжаев әріптестеріне зор денсаулық, жаңа кәсіби жеңістер, үлкен жеке табыс, бақыт және отбасылық амандық тіледі.

Шара барысында елорданың дамуы мен көркеюіне зор үлес қосқан компания қызметкерлерінің еңбегі атап өтілді. Кәсіподақ мүшелеріне Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс министрлігінің, Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподақ ұйымының, сондай-ақ мекеме басшылығының атынан медальдар, төсбелгілер және алғыс хаттар табыс етті.

Сонымен қатар, материалдық ынталандыру мақсатында марапатталғандарға ақшалай сыйлық берілді.