Еңбек адамы – ел мақтанышы

Әр салада еңбектеніп жүрген жандар қашанда құрметке бөленеді.
Осындай жандардың бірі – Қостанай облысы, Амангелді ауданы Қ. Әбенов атындағы аудандық мәдениет үйінің әншісі Абдрахманова Гүлмира Ықыласқызы.
Гүлмира Ықыласқызы еңбек жолын музыка мектебінен бастап, 1999 жылдан бері аудандық мәдениет үйінің әншісі. Жоғарғы білімді домбырашы.


2015 жылдан М. Қапышев атындағы халық театрының режиссері. Бірнеше сахналық қойылымдар режиссері, сонымен қатар сан түрлі рольдерді шебер сомдап жүрген өнерпаз.
Осы жылдардағы еңбегі еленіп, облыстық мәдениет басқарма басшысының алғыс хаты, “Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігі” төрайымының құрмет грамотасымен марапатталды.
Аймақтық “Торғай әуендері”,” Ақмола жұлдыздары “өнер фестивльдерінің лауреаты.” “Жылдың үздік әншісі” номинация иегері, аудан әкімі, аудандық мәдениет бөлім басшысының алғыс хаттарының иегері.
Отбасыңа төрт бала өсіріп отырған бақытты ана.
Гүлмира Ықыласқызы бақытын еңбектен тапқан жан.
12 Қыркүйек 50 жасқа толғалы отыр. Осы мерейтойы қарасаңда шығармашылық табыс, шабыт тілейміз!