Саламацкая Галина Степановна 1966 жылғы 2 наурызда Успен ауданында дүниеге келген. Соңғы жылдары Успен ауданы әкімдігінің, Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Сауық-орталығы» МҚКК экономисі болып қызмет етеді. Жалпы жұмыс өтілі 20 жыл. Осы еңбек ұжымындағы және кәсіподақтағы жұмыс өтілі 15 жыл құрайды. Жұмыс барысында жергілікті мемлекеттік органдардың Алғыс хаттары және дипломдарымен марапатталған.
2023 жылы Кәсіподақтар күніне орай ҚРКФ Құрмет грамотасымен марапатталды.
Төрт баланың анасы, жауапты, еңбекқор, адал, ұқыпты, ұжымда үлкен құрметке ие. «АMANAT» партиясының мүшесі, Абай сайлау округі бойынша бастауыш партия ұйымының төрағасы.