Еңбек қақтығыстары. Еңбек дауларын шешудің құқықтық негіздері, кәсіподақтардың рөлі мен қызметі»: онлайн-семинар

10 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының бастамасымен «Еңбек қақтығыстары. Еңбек дауларын шешудің құқықтық негіздері, кәсіподақтардың рөлі мен қызметі» тақырыбында қазақ тілінде ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырылған онлайн-семинар өтті. Семинарға Абай облысы бойынша мүше ұйымдардың 95 салалық кәсіподақ филиалдарының төрағалары, қалалар мен аудандардын бастауыш кәсіподақ ұйымдарының белсенділері қатысты.


Семинардың модераторы Кәсіподақтар Федерациясының еңбек заңнамасы бойынша сарапшысы Боранбаева Майра Қадырбекқызы болды.


Семинар барысында Майра Қадырбекқызы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 1 бабының 16 тармақшасындағы «Еңбек дауы ұғымының» негізгі ережелерін түсіндірді. Келісу комиссиясының жұмысына толығырақ тоқталып, оның құрылымы, рөлі мен жұмысына түсініктеме берді. Сонымен қатар спикер еңбек жанжалдарының факторлары мен себептеріне қатысты өзекті мәселелерге, құқықтық және қаржылық сауаттылық, медиация және жанжалдарды шешу, коммуникациялар сияқты мәселелер бойынша оқыту мен дамытуды қоса алғанда, жүйелі шаралар арқылы кәсіподақтардың рөлін арттыруға толығырақ тоқталды.
Семинарға қатысушылар еңбек жанжалдары, еңбек дауларын шешудің құқықтық аспектілері, сондай-ақ кәсіподақтың рөлі мен қызметі бойынша өздерін қызықтыратын сұрақтарды тікелей қойып, нақты жауаптар алуға мүмкіндік алды.


Шара соңында тыңдаушылар Майра Қадырбекқызына алғыстарын білдіріп, осындай семинар-тренингтерді жиі өткізіп тұру қажеттігі туралы ұсыныстарын айтты.