Бүгін «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мәжіліс залында кезекті Үйлестіру кеңесі отырысы өтті. Аталған жиынға Шымкент қаласы кәсіподақтары кеңес мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде келесідей мәселелер қаралды.
1. Халықаралық Еңбек Ұйымының бас директоры Жильбер Унгбоның ҚР Кәсіподақтар Федерациясына алғашқы іс-сапары туралы
2. 2024 жыл Кәсіподақтар күніне әзірлік, мереке қарсаңында кәсіподақтар жұмысын мейлінше дәріптеу, іс-шаралар ұйымдастыру
3.ҚР Президентінің халыққа жолдауы – АЭС салу жөнінде түсіндірме жұмыстарына атсалысу
4. “Жастар форумына” делегаттар ұсыну.
Кеңес отырысын «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы міндетін атқарушы Құрманбек Жарқынбек Айдарбекұлы төрағалық етті. Өз сөзінде Жарқынбек Айдарбекұлы Халықаралық Еңбек Ұйымының бас директоры Жильбер Унгбоның ҚР Кәсіподақтар Федерациясына алғашқы іс-сапары туралы баяндап, бұл тарихи оқиғаның маңыздылығын атап өтіп кәсіподақтар қозғалысы мен жұмысына жаңа серпін беретінін жеткізді.
Сонымен бірге алдағы келе жатқан Кәсіподақтар күні мерекесіне даярлық жұмыстары пысықталды. Мереке жоғарғы деңгейде өту үшін, барлық салалық және жергілікті кәсіподақ филиалдары басшыларына іс-шараларды ұйымдастыруға тапсырмалар берілді. Олардың ішінде жұмысшылардың еңбегін ұлықтау, түрлі марапаттарды табыстау және оны бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау міндеттері тұр. Сондай ақ Кәсіподақтар күніне орай мини-футболдан кәсіподақ мүшелері арасында жарыс ұйымдастыру ұсынысы айтылды.
Қазіргі таңда еліміздегі кезекті саяси науқан уақыты. Атом электр станциясы салу жөніндегі референдум туралы Жарқынбек Айдарбекұлы кеңес мүшелеріне қысқаша баяндап берді және 6 қазан күні өтетін бүкіл халықтық референдумға қатысуға шақырды.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы ауқымды іс-шара “Жастар форумын” өткізуді жоспарлауда, бұл туралы кәсіподақтардың “Келешек” жастар ұйымының Шымкент қаласы бойынша төрағасы Ермек Қаңлыбаев баяндап берді.
Жиын соңында төраға міндетін атқарушы Жарқынбек Айдарбекұлы салалық кәсіподақ филиалдары басшыларына аталған мәселелер бойынша тапсырлмалар беріп, олардың орындалуына бақылауға алуын сұрады.