АЭС – Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігінің кепілі

«AMANAT» партиясының Астана қалалық филиалында Атом электр станициясын салуды қолдау жөніндегі халықтық штабта АЭС бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу өтті.

Спикерлер қатарында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары, Астана қалалық мәслихатының депутаты Нұрлан Өтешев, «Ауыл» партиясының қалалық филиалының төрағасы Мейрамбай Оралов, «Атамекен» ҰКП басқауршы директоры Жақып Хайрушев, Қазақстан халық партиясының қалалық филиалының төрағасы Нұрдәулет Оразханов болды.

Кездесу барысында спикер Н.Өтешев аталған жобаның Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экономиканың тұрақты дамуы үшін стратегиялық маңызы бар екенін атап өтті.

Сонымен қатар, жобаны іске асырумен байланысты маңызды аспектілерді, соның ішінде экологиялық стандарттарды, қауіпсіздік пен жергілікті қоғамдастықтар үшін әлеуетті пайданы талқылады.

Ол алдағы уақытта өтетін референдумның маңыздылығына тоқтала келе, ашықтықты қамтамасыз ету және барлық мүдделі тараптардың пікірлерін ескеру үшін қатысушыларды референдумда дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды.