Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар орталығының төрағасы Сатыбалды Даулеталиннің жуырдағы тапсырмасына сәйкес биылғы «Лайықты еңбек жылы » аясында Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығы аумақтық бірлестігінің төрағасы А. Әмірғалиев пен Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы облыстық филиалының төрағасы Тұрақбай Сұлтанғалиев Республикалық фитосанитарлық диагоностика және болжамдар әдістемелік орталығы Ақтөбе облыстық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерімен кездесті.
Кездесу барысында жұмыс берушімен әлеуметтік әріптестік аясында ұжымдық шарт арқылы еңбек адамының құқығы мен мүддесін қорғауға арналған бастамалар туралы жан –жақты айтылды.
Сонымен қатар еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша жұмыс орындарында өндірістк кеңестер құру ,кеңестің құрамын бекіту туралы түсінік берілді.
Кәсіподаққа қазірде 77 адам мүше. Олардың еңбек құқықтарын қорғау мен әлеуметтік кепілдемелерін одан әрі жақсарту мақсатында әлеуметтік әріптеспен ұжымдық шарт жасалған.
Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Алтынбек Әмірғалиев бастауыш ұйым мүшелерінің сауалдарына жауап бере отырып, олармен ашық диалог түрінде пікірлесті.
Кездесу соңында А. Әмірғалиев пен Т. Сұлтанғалиев осы жиынның өтуімен тұспа-тұс келіп отырған, бастауыш ұйым мүшесі 63 жасқа толып,құрметті еңбек демалысына шыққалы отырған Сәкен Жармұқановты құттықтап, Салалық кәсіподақтың «Елеулі еңбегі үшін»медалімен және Құрмет грамотасымен марапаттады.