Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы тапсырмасына сәйкес, “Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігі “Жалпыға бірдей құқықтық оқыту” аясында мекемелермен кездесуді жалғастырды.
Бүгін 2024 жылдың 17 қыркүйек күні “Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы орынбасары Құрманбек Жарқынбек Айдарбекұлы қатысуымен қаламыздағы «Корпорация «Береке А» ЖШС-нің ұжымымен кездесу өткізілді. «Корпорация «Береке А» ЖШС Шымкент қаласының, жол құрылысы саласында 25 жылдан астам тарихы бар ірі компаниялардың бірі. Серіктестік автомобиль жолдары, көпірлер құрылысы және бетон өндірісімен айналысады. Бүгінде мекемеде 400-ден аса қызметкер жұмыс жасайды. Компанияны білікті басшы Еркінкүл Оспаналиева ханым басқарады.
Кездесу барысында Жарқынбек Айдарбекұлы кәсіподақтардың биылға “Лайықты еңбек жылы” туралы айтып өтті, сонымен бірге мекеме қызметкерлеріне өндірістегі жазатайым оқиғалардың жағдайын, еңбек қауіпсіздігін қалыптастырудағы кәсіподақтардың рөлін, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау бойынша жұмысшыларды оқыту негіздерін, сондай-ақ, еңбек жағдайын жақсарту жөнінде түсіндірді. Одан өзге, Қазақстан Республикасы Заңнамалығына сәйкес әрбір қызметкер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға, сондай-ақ еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес санитариялық-тұрмыстық жайлармен, жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге құқылы екені түсіндірілді.
Сонымен бірге Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттап, Қазақстанда АЭС салу туралы жалпыұлттық референдумға дайындық барысында өңірлерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлады.
Сөз соңында төраға орынбасары еңбек ұжымына кәсіподақ қозғалысының артықшылықтарын айтып, бастауыш кәсіподақ ұйымын ашуға шақырды.