Бүгін Астана қаласының Кәсіподақ орталығының Үйлестіру кеңесінің отырысында еліміздегі кәсіподақ қозғалысын дамытуға қатысты маңызды мәселелер талқыланды.
Астана қаласының Кәсіподақ орталығы төрағасының орынбасары Қайрат Сұлтаналин қатысушыларға Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) Бас директоры Жильбер Унгбоның кәсіподақ белсенділерімен кездесуі маңызды оқиға болғанын атап өтті. Бұл кездесу ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу үшін жаңа көкжиектер ашты және Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының дамуына оң әсерін тигізетіні сөзсіз. Алдағы уақытта қызметкерлердің құқықтарын қорғауға, еңбек жағдайларын жақсартуға және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы кәсіподақтардың рөлін арттыруға ықпал етеді, деді ол.
Сонымен қатар, төраға орынбасары Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділ Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі тұстарын таныстырды. Биылғы жолдау әлеуметтік әділеттілік пен тұрақты дамудың маңыздылығын көрсетеді, бұл біздің алдағы жұмысымыздың негізі болып табылады. Мемлекет басшысының 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялауы – әртүрлі салалардағы мамандардың еңбегінің маңыздылығын мойындауға бағытталған маңызды қадам деп атап өтті.
Отырыс барысында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Атқару комитетінің атом электр станциясының құрылысына қатысты үндеуі айтылды. «Бұл жобаның елдің энергетикалық қауіпсіздігі үшін маңызы зор және өз кезегінде, Кәсіподақтар федерациясының АЭС құрылысын салу мен оны пайдалану отандық компаниялар мен мамандарға барынша пайда әкелуін мұқият қадағалайтындығы жеткізілді.
Күн тәртібіндегі маңызды мәселе Қазақстанның кәсіподақтар күнін дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын талқылау болды. Бұл күн кәсіподақ ұйымдары арасындағы бірлік пен ынтымақтастықты нығайту үшін тамаша мүмкіндік болады.
Бұдан басқа, кәсіподақ қозғалысына тартылған жастар арасында пікір және идеялар алмасуға арналған тұғырнамаға айналатын халықаралық Жастар форумына дайындық тақырыбы қозғалды.
Соңында қатысушыларға 2025 жылға арналған бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құру жөніндегі жұмысты жандандыру туралы жеткізілді.
«Бұл кәсіподақ қозғалысын нығайтуға және оның елдің әлеуметтік-экономикалық өміріне ықпалын арттыруға мүмкіндік беретін стратегиялық міндет», – деді Қ.Сұлтаналин.
Кеңес отырысы сындарлы жағдайда өтіп, барлық қатысушылар белсенді ынтымақтастыққа қол жеткізу үшін алға қойған мақсаттарына қол жеткізуге дайын екендіктерін білдірді.