Үйлестіру кеңесінің отырысы

Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығы Үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді. Жиынға үйлестіру кеңесі мүшелері, салалық және жергілікті кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.
Күн тәртібінде Халықаралық Еңбек Ұйымының бас директоры Жильбер Унгбоның ҚР Кәсіподақтар Федерациясына алғашқы іс-сапары туралы ,Қазақстан Республикасының Президенті Қасым –Жомарт Тоқаевтың«Әділетті Қазақстан құқық тәртібі, экономикалық өрлеу ,қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауының бағыттары мен АЭС құрылысын 2024 жылғы 6 қазанда өтетін Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі жөніндегі республикалық референдум өткiзу туралы.Кәсіподақтар күніне әзірлік, мереке қарсаңында кәсіподақтар жұмысын мейлінше дәріптеу, іс-шаралар ұйымдастыру мен «Келешек »жастар форумына делегаттар ұсыну туралы мәселелер қаралды.


Жиында Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Алтынбек Әмірғалиев Халықаралық Еңбек Ұйымының бас директоры Жильбер Унгбоның Қазақстанға іссапары ынтымақтастың жаңа серпіні ,халықаралық еңбек ұйымының әлеуметтік әділдік қағидаттарын жаһандық ауқымда дамытудың рөлінде кәсіподақтардың алар роліне тоқталды.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы ауқымды іс-шара “Жастар форумын” өткізуді жоспарлауда. Бұл туралы Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығынгың “Келешек” жастар ұйымының төрайымы Әдина Аққағаз баяндады.


Жиында Кәсіподақтар күні қарсаңындағы шаралар пысықталды. Әлеуметтік желілерде жұмысшы мамандықтарды кеңінен насихаттауға арналған «Еңбек адамы» айдарын шығару, бастауыш кәсіподақ ұйымдары мүшелерімен кездесулерді одан әрі жалғастыру, еңбек адамдарын моральдық тұрғыдан ынталандыру ,жаңа бастауыш ұйымдар санын арттыру туралы кеңінен түсіндіррілді.
Жиын соңында Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Алтынбек Әмірғалиев кәсіподақ жетекшілеріне басшыларына аталған мәселелер бойынша тапсырмалар берді.