Астанада Білім қызметкерлерінің кәсіподағы Атқару комитетінің отырысы өтті

Астана қаласының білім беру қызметкерлері кәсіподағы кезекті Атқару комитетінің отырысын өткізді. Отырысты Кәсіподақ төрағасы Батыр Әлиев ашып, Атқару комитетінің мүшелерін күн тәртібімен таныстырды.

Атқару комитетінің отырысында Астана қаласы әкімдігінің «Дарынды қыз балаларға арналған» Білім-инновация» лицей-интернаты» КММ бастауыш кәсіподақ ұйымының қызметі, Астана қаласы әкімдігінің «№5 гимназия» КММ бастауыш кәсіподақ ұйымының қызметі, Еңбек күнін, қарттар күнін, Мұғалімдер күнін және Кәсіподақтар күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар туралы және Астана қаласының білім беру қызметкерлері кәсіподағының қалалық комитетін 2024 жылдың қараша айына шақыру туралы мәселелер қаралып талқыланды.

Сондай-ақ, Атқару Комитеті Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.

Атқару Комитеті отырысының соңында бірқатар белсенді қызметкерлер Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының марапаттарына ие болды.


Астана қаласының білім беру қызметкерлерінің кәсіподағының заңгері Динара Токбалинаға «Кәсіподақтағы белсенді жұмысы үшін» медалі, «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» ШЖҚ МКК бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Ляззат Тынымбаеваға «Еңбек озаты» медалі және Астана қаласы әкімдігінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қорғау орталығы» КММ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Анна Олейниковаға «Алғыс хат» табыс етілді.