«Қалың қалай, бастауыш ұйым?»: «Қызмет» кәсіподағы Қатаркөлдегі оңалту орталығына барды

«Қызмет» Салалық кәсіподағының Астана қаласы бойынша филиалы Астана қаласы әкімдігінің «Қарттар, мүгедектер және мүгедек балаларды оңалту орталығына» барып «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында кездесу өткізді. Оған Астана филиалының төрағасы Атақозы Нұрланов, Атқару комитетінің мүшелері Ғалымжан Амантай, Әлима Бекназарова, орталықтың директоры Арыстан Жанғазиев пен кәсіподақ мүшелері қатысты.

Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Қатаркөл кентінде орналасқан орталық қарттар, мүгедектер және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емдеу және оңалту қызметтерін көрсетуге арналған.

Кездесу барысында Атақозы Нұрланов пен Атқару комитетінің мүшелері «Қызмет» салалық кәсіподағының елордалық филиалының қызметі туралы айтып, кәсіподақ жұмысының тәжірибесімен бөлісті және әлеуметтік әріптестік шеңберінде одан әрі дамытудың бірлескен жоспарларын талқылады.

Атақозы Нұрланов орталық директоры Арыстан Жанғазиевке және кәсіпорын ұжымына кәсіподақ қозғалысына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, Қазақстан Кәсіподақтары күні мерекесі қарсаңында белсенді кәсіподақ мүшелеріне құрмет грамоталары мен алғыс хаттарды табыс етті.