Еңбек еленген күн

Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығында 10 қазан-Қазақстан Республикасының кәсіподақтар күніне орай салтанатты меркелік шара ұйымдастырылды. Салтанатты шарада еңбек адамының мүддесін қорғап, кәсіподақ қозғалысын дамытуға қажырлы еңбегімен елеулі үлес қосып жүрген кәсіподақ қозғалысының ардагерлері мен белсенділері марапатталды.


Мерекелік шарада Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Алтынбек Әмірғалиев Биылғы ҚРКФ жариялаған « Лайықты еңбек жылы» аясында атқарылған оң бастамалар туралы баяндап, ҚРКФ халықаралық ынтымақтасты дамытудағы келелі істерін көпке жеткізіп, кәсіподақтардың еліміздің дамуындағы маңызды роліне кеңінен тоқталды. Салтанатты шараға Салалық және жергілікті кәсіподақ филилалдарының төрағалары мен ардагерлер, кәсіподақ қозғалысының белсенділері,әлеуметтік әріптестер қатысты.


Мерекелік шарада кәсіподақ қозғалысының ардагерлері мен белсенді жетекшілері Жақсылық Айжан, Зейнел Бекетов ҚР Кәсіподақтар федерациясының « Кәсіподақ ардагері» медалімен, кәсіподақ белсендісі Мырзабай Кенбаев «Қазақстан кәсіподақтар қозғалысына сіңірген еңбегі үшін» медалімен , бірқатар кәсіподақ мүшелері ҚР Кәсіподақтар Федерациясының Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапатталса, бірқатары кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан еңбектері үшін ҚРКФ төсбелгілеріне ие болды.

Сондай-ақ,әлеуметтік әріптес , ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясының Ақтөбе облысы бойынша департаменті бастығы Ж. Әлімов кәсіби мереке күні Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы А Әмірғалиевты және орталық ұжымын кәсіби мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.


Мерекелік шара барысында «Ауылшаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облысы бойынша филиалының төрағасы Тұрақбай Сұлтанғалиев ауыл шаруашылығы саласында ерен еңбегімен көзге түскен кәсіподақ қатарындағы еңбеккерлерді құттықтап, төс белгілермен марапаттады.


Еңбек адамдарының қамын жеген қызметкерлер мерекеде ерекше құрметке ие болды.