Душанбеде құрылыс саласындағы лайықты еңбекті ілгерілету жолдары талқыланды

Құрылыс кешені және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының өкілдері 2024 жылғы 10-13 қазанда Тәжікстан Республикасының астанасы Душанбе қаласында өткен «Құрылысшы» Халықаралық Кәсіподақтар Конфедерациясы Кеңесінің отырысына қатысты.

«Құрылысшы» ХКК құрамына Қазақстан, Беларусь, Молдова, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Ресей, және Тәжікстан салалық кәсіподақтарының өкілдері кіреді.

Қазақстаннан барған делегация құрамында Құрылыс кешені және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы «Астана» филиалының төрайымы Тілеулес Мадьярова болды.

Өз сөзінде «Құрылысшы» Халықаралық Кәсіподақтар Конфедерациясы төрағасы Б.Сошенко Жалпыға ортақ кәсіподақтар конфедерациясы қызметінің негізгі бағыттарын атап өтті.

Жалпыға ортақ кәсіподақтар конфедерациясының Жарғысында белгiленген мақсаттар мен мiндеттердi iске асыра отырып, әлеуметтiк үнқатысу мен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бейiм болып қала отырып, ЖКК мен оның мүшелiк ұйымдары өз күш-жiгерiн жаңа әлеуметтiк-экономикалық жүйенi қалыптастырудың негiзгi бағыттарына шоғырландырады.

Жаңа әлеуметтік-экономикалық жүйені қалыптастыруда негізгі рөл әлеуметтік әріптестікке беріледі және оның көмегімен кәсіподақтар лайықты еңбекті ілгерілетіп, әлеуметтік әділдік пен әлеуметтік прогресс үшін күресетін болады.