«Ауыл шаруашылығы қызметкерлері салалық кәсіподағы» Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Толыбай Бәлдірұлы Жүсіпов «Кәсіподақтардағы белсенді жұмысы үшін» медалімен марапатталды. Бұған дейін 2022 жылы кәсіподақ төрағасы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Құрмет Грамотасымен марапатталған болатын.
Облыстық салалық кәсіподақ ұйымында Толыбай Жүсіпов төрағалығымен жүргізілген жұмыстар нәтижесімен соңғы жылдары ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіподақ мүшелер саны артты. Бірқатар ұйымдардағы кәсіподақ ұйымы жұмыстары жаңғыртылып, жаңа жұмыс бағыттары белгіленді.
Биылғы 2024 жылы да облысқа қарасты аудандарда бастауыш кәсіподақ ұйымдары жаңадан құрылды. Еңбек ұжымдарындағы кездесулерде кәсіподақ төрағасы ауыл шаруашылығы саласындағы біліктілік тәжірибесімен бөлісіп, сала жұмыскерлеріне кәсіподақтар қозғалысының жұмыс бағыттары мен қызметінің басымдылықтарын түсіндіреді. Кәсіподақ төрағасы қоғамда әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеудегі кәсіподақтардың рөлі мен өкілеттіктері туралы түсіндірмелер жасап, облыс көлемінде кәсіподақ жүйесінің нығаюы мен кәсіподақ мүшелігінің артуына елеулі үлес қосып келеді.