Өзекті мәселелер талқыланды

2024 жылы 17 қазан күні Шымкент қаласындағы Кәсіподақтар орталығында «Қазмұнайгазпроф» Атқару комитетінің көшпелі отырысы және мұнай-газ саласындағы Кәсіподақ белсенділері арасындағы өңірлік кеңес өтті.
Кеңесте Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі халыққа арнаған Жолдауының негізгі қағидалары аясында Кәсіподақтардың қызметін одан әрі жаңғырту мәселелері талқыланды.


Іс-шараға Қазақстан Республикасы Федерациясы Кәсіподақтарының төрағасының орынбасары – «Қазмұнайгазпроф» төрағасы С. Калиев, «Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Б. Алтеев, сондай-ақ, жергілікті Кәсіподақтардың сайланбалы органдарының төрағалары, алғашқы және цехтық ұйымдардың жетекшілері, сондай-ақ, салалық орталық кеңестің мүшелері қатысты.


Кездесуде Кәсіподақтар қызметінің заманауи тенденциялары, кадрлық әлеуетті нығайту, қызметкерлердің құқықтарын қорғау, және еңбек жағдайларын жақсарту мәселелері кеңінен қарастырылды.
Бүгінгі таңда Кәсіподақтардың бірлігі мен ынтымақтастығы – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер ететін басты факторлардың бірі. Жиналғандардың барлығы өз ой-пікірлерін білдіріп, Профсоюз қызметінің тиімділігін арттыру үшін жаңа бастамаларды ұсынды.


Кәсіподақтардың белсенділігі мен ұйымшылдығы – біздің ортақ мақсатымызға жетудің кілті!