ҚР Кәсіподақтар федерациясы басшылығының «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен кездесулері жалғасуда. Бүгін ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев атом саласының кәсіподақ ұйымдарымен онлайн кездесу өткізді. Бұл іс-шараға үш ұйымның – Ақбастау БК АҚ, АППАК ЖШС және Заречное БК АҚ-ның бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері қатысты.
Онлайн кездесуді «Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Алтеев ашып, атом өнеркәсібі – бұл ерекше және маңызды сала екенін айтты. Ол қатысушыларға сәттілік тілеп, біздің мақсатымыз – жұмысшылардың еңбек жағдайларын жақсарту екенін баса айтты.
Атқарылған жұмыстар туралы атом саласының және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары баяндама жасады.
Атом өнеркәсібі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қасымжан Мәдиев салалық кәсіподақ жұмысы туралы баяндама жасады. Ол кәсіпорындардағы қауіпті еңбек жағдайларын жою жөніндегі ұсыныстардың Энергетика министрлігі тарапынан қолдау тапқанын жеткізді.
«Ақбастау» БК» АҚ геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу; құрамында уран бар кендер мен ілеспе пайдалы қазбаларды өндіру және қайта өңдеу бойынша қуаттарды жобалау және салу, сондай-ақ бұл қуаттарды пайдалану, уран өндіру және қайта өңдеу, кәсіпорын өндіретін өнімді Қазақстан Республикасының ішінде, сондай-ақ одан тысқары жерлерде өткізу мен айналысады.
Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайым Шолпан Тәукелова кәсіподақ ұйымының жұмысы туралы баяндап, ұжымдық келісімшарт аясында компания қызметкерлеріне көрсетілетін материалдық көмек, сонымен қатар қызметкерлердің балаларына да назар аударылатыны жайлы айтты.
«АППАК» ЖШС – уранның өнеркәсіптік өндірісіне шыққан алғашқы қазақстандық-жапондық бірлескен кәсіпорын. Компанияның штаттық саны – 400-ден астам, олардың 90 пайызы – кәсіподақ мүшелері. «АППАК» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Анастасия Магометова кәсіподақтың көпбалалы отбасыларға ерекше назар аударатынын, оларға тұрақты қолдау көрсетілетінін және материалдық көмек, медициналық қызмет көрсету, шипажайларға жолдамалармен қамтамасыз ету сынды әлеуметтік көмек түрлерінің қарастырылғанын баяндады.
Заречное БК АҚ кәсіподақ ұйымының төрағасы Асқанбеков Бақдәулет Серікұлы да сөз алып, кәсіподақ мүшелерінің қатарын көбейту бағытындағы жұмыс тұрақты жалғасып жатқанын атап өтті. Ол компанияда кәсіподақ ұйымына қосылуға қызығушылық білдірген қызметкерлердің санының артып келе жатқанын, кәсіподақ тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдаудың, соның ішінде материалдық көмек беру жұмыстарының жалғасып жатқанын жеткізді.
Кездесу соңында әлеуметтік-еңбек қатынастары аясында бірқатар сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар берілді.
ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев аймақтағы кәсіподақтар ұйымының жұмысына оң бағасын беріп, бауыстыш кәсіподақ ұйымдары әрдайым назарда екенін айта өтті.
«Кәсіподақтың күші – оның бірлігінде, бастауыш ұйымдардың мықтылығында. Ал бастауыштардың бәсекеге қабілеттілігі мекемедегі әлеуметтік әріптестіктің пәрмені, ұжымда ауызбіршіліктің болуы мен кәсіподақ мүшелерінің білімі мен біліктілігіне байланысты», – деп, қатысушыларға өз алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.