Қазақстан Республикасы күні мерекесі аясында «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Астана филиалы кәсіподақ мүшелері арасында шахматтан турнир ұйымдастырды. Сайыс медицина қызметкерлері арасында ең мықты шахматшыларды анықтайтын алаң ғана емес, сонымен қатар, спорттың зияткерлік түрі ретінде шахматты насихаттау мен дәріптеудегі маңызды қадам болды.
Жарыс барысында қатысушылар жүлделі орындар үшін күресіп қана қоймай, тәжірибе алмасып, стратегиялық ойлау қабілеттерін талқылап, шахматтан алған әсерлерімен бөлісті. Сонымен қатар, командалық рухты нығайтуға да тамаша мүмкіндік екенін атап өтті.
Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.Турнирдің қорытындысында Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығының инженері – Роллан Канафин жеңімпаз атанды.
Екінші орынды «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының комплеанс-офицері Нұрлан Рахимжанов, үшінді орынды «Қалалық фтизиопульмонология орталығының меңгерушісі Жомарт Темірғалиев иеленді.
«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы Астана филиалының төрайымы Гүлмира Мустафаева жеңімпаздарды құттықтап, табысты еңбек, кәсіподақ қызметінде жетістіктер тіледі.