Оған Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Мейірханов, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб, «Қызмет» салалық кәсіподағының елордалық филиалының төрағасы Атақозы Нұрланов, сондай-ақ сала мамандары қатысты.
Іс-шара күн сайын қоғамның игілігі үшін еңбек етіп, халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын қолдау мен қорғауды қамтамасыз ететін жандарға жылы лебіз мен құрмет жағдайында өтті.
«Қызмет» салалық кәсіподағының Астана қаласы бойынша филиалының төрағасы Атақозы Нұрланов құттықтау сөзінде, әлеуметтік сала мамандарының еңбегінің маңыздылығын, олардың қоғам дамуына қосқан өлшеусіз үлесін атап өтті. Олардың күш-жігерінің арқасында көптеген адамдар өмірдің қиын сәттерінде қажетті көмек пен қолдауға ие болатынын жеткізді.
Салтанатты жиын барысында марапаттау рәсімі өтіп, онда Атақозы Нұрланов өз ісіне адалдығы, жоғары кәсібилігі және адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға ұмтылысы үшін бірқатар әлеуметтік саланың қызметкерлеріне наградалар тапсырды. Марапаттарға тәжірибелі мамандар да, әлеуметтік қорғаудың түрлі салаларында өзін көрсеткен жас мамандар да ие болды.
Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні мамандықтың үздік өкілдеріне құрмет көрсету үшін ғана емес, сонымен қатар қазіргі қоғамдағы әлеуметтік жұмыстың маңыздылығын тағы да еске салудың мүмкіндігі болды. Сондай-ақ, кештің бағдарламасында шығармашылық ұжымдардың қойылымдары көрсетіліп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.