Ақтөбе ферроқорытпа зауыты “Кәсіподақ” қоғамдық бірлестігінің “Қазхром “ТҰК” АҚ” ұйымдарының бастауыш кәсіподақ ұйымының кезектен тыс есеп беру-сайлау конференциясы өтті.
Конференцияға «Qazaqmetal kasipodagy” Қазақстандық тау-кен металлургия саласының кәсіптік одағы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылбек Нұралин, Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Алтынбек Әмірғалиев және филиал кәсіподақтарының төрағалары қатысты.
Ақтөбе ферроқорытпа зауытының цехтары атынан 63 делегат қатысты.
Әбілқайыр Сотқаров кәсіподақ комитетіндегі өзі басқарған жұмысы жайында есеп берді. Кейін қатысушылар екі сайланушының баяндамасын тыңдады. Жоспар бойынша, талқылаудан кейін екі кандидатураның ішінен кәсіподақ комитетінің жаңа төрағасын сайланды.
Көпшілік дауыспен Мырзағұл Қүлдыбаев кәсіподақ комитетінің жаңа төрағасы болып сайланды. 35 жыл еңбек өтілі бар жаңа төраға ең алғаш зауытқа балқытушы болып жұмысқа орналасқан. Кәсіпорында шебер, учаске және цех басшысы қызметін атқарған.
Конференция қонақтары мен делегаттары жаңа төрағаны лауазымға сайлануымен құттықтап, оған табыс және жемісті жұмыс тіледі.
Шара соңында Асылбек Жамашұлы Әбілқайыр Әутайұлына атқарған жұмысы үшін шын жүректен алғыс айтып, «Құрметті металлург» төс белгісімен марапаттап, ұзақ әрі мінсіз еңбегі үшін зор ризашылығын білдірді.