2024 жылдың 31 қазанында «Мемсараптама» РМК қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы құрылғанына 10 жыл толуын атап өтті.
Соған орай, кәсіпорында салтанатты іс-шара өткізіліп, оған кәсіпорын басшылығы, Құрылыс кешені мен ТКШ қызметкерлерінің салалық кәсіподағының өкілі, жергілікті кәсіподақтың кәсіподақ активі қатысты.
Өз сөзінде «Мемсараптама» РМК бас директоры Тимур Қарағойшин әлеуметтік серіктестікті дамытудың тиімділігін, кәсіпорында әлеуметтік кепілдіктерді арттыруды атап өтті.
Құрылыс кешені мен ТКШ қызметкерлерінің салалық кәсіподағының «Астана» қалалық филиалының төрайымы Тілеулес Мадьярова Кәсіподақтар федерациясының және салалық кәсіподақтың атқарып жатқан қызметі туралы баяндады.
Жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағасы Ербол Шапатин қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктерін арттыру жөніндегі ұжымдық шартқа қосымша келісімнің жаңа шарттарына егжей-тегжейлі тоқталды.
Іс-шара аясында кәсіподақ ардагерлері мен белсенділері ҚР Кәсіподақтар федерациясының, Салалық кәсіподақ наградаларымен және «Мемсараптама» РМК кәсіпорнының мерейтойлық медалімен марапатталды.