«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Абай облысы бойынша филиалының (бұдан әрі Кәсіподақ) І есеп-беру сайлау конференциясы өткізілді.
Конференцияға сайланған 38 делегаттың 30-ы, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мирболат Жақыпов, Абай облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Назерке Аққожина, Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде кәсіподақ ұйымының төрағасы Бауыржан Абдулхамитов қатысты.
Конференция барысында барлық шешімдер делегаттардың дауыс беруі арқылы қарастырылып, қаулы қабылданды. Делегаттардың бірауыздан дауыс беруінің нәтижесінде Кәсіподақ қоғамдық бірлестігінің өтетін Съезінде Мирболат Жақыповтың кандидатурасын төрағалыққа ұсыну туралы қаулы қабылданды. «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Абай облысы бойынша филиалының төрағасы және салалық кәсіподақ съезіне де делегат болып Дариға Абайқызы сайланды.
Кәсіподақтың Абай облысы бойынша филиалының жұмысы «Қанағаттанарлық» деп танылды. Тексеру комиссиясы өз кезегінде Кәсіподақтың Абай облысы бойынша филиалының 2019 жылдан бері атқарған жұмысына оң баға беріп, қызмет барысында ешқандай бұзушылықтар болмағаны да атап өтілді.
Төраға Мирболат Жақыпов Кәсіподақтың шығу тарихы туралы біршама мағлұматтармен бөлісіп, Кәсіподақ қызметінің ерекшеліктері мен маңыздылығына тоқталып өтті.
Конференция соңында салтанатты марапаттау сәтіне кезек жетіп, Кәсіподақ жұмысына белсене атсалысып, аянбай еңбек еткен тұлғалар мен кәсіподақ мүшелері медальдар мен төсбелгі және құрмет грамоталарымен марапатталды.