ҚР Кәсіподақтар федерациясы Кәсіподақ көшбасшысы мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен белсенділеріне арналған 36 сағаттық оқыту курсы өз жұмысын бастады. Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тінікеевтің қатысумен Кәсіподақ көшбасшысы мектебінің бірінші онлайн-кездесуі өтті.
Бұл жолы курс жұмысына Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Атырау, Қызылорда, Жетісу, Маңғыстау және Түркістан облыстарының 100-ден аса кәсіподақ көшбасшылары қатысты. Іс-шараның мақсаты – кәсіподақ қызметкерлері, кәсіподақ белсенділері және кәсіподақ мүшелері арасында құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейін қамтамасыз ету.
Онлайн-кездесуді ҚРКФ ұйымдастыру-бақылау жұмысы департаменті директорының орынбасары, еңбек қатынастары жөніндегі сарапшы, білім беру жобаларының үйлестірушісі Ләззат Есжанова ашты.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тінікеев оқу жобасының жаңа қатысушыларына жұмыстарына сәттілік тілеп, кәсіподақ көшбасшысының халықтың әл-ауқатын қамтамасыз етудегі және жұмысшылар үшін еңбекке лайықты жағдай жасаудағы ерекше рөлін атап өтті. Сондай-ақ, Лайықты еңбек жылы аясында ҚРКФ шаралары, сондай-ақ ҚР Кәсіподақтар федерациясының Халықаралық ынтымақтастық саласындағы маңызды жетістіктері туралы айтты.
Семинар спикері-Кәсіподақтар федерациясының лекторлар пулының мүшесі, Қызылорда облыстық Кәсіподақ орталығының бас маманы Майра Боранбаева қатысушыларға кәсіподақ жетекшісі қызметінің маңызды аспектілері туралы, сондай-ақ қарым-қатынаста әсер етудің тиімді тетіктері мен оң имиджді қалыптастыру туралы айтып берді.
«Кәсіподақ басшысы өзінің жеке қасиеттерін пайдалана отырып, кәсіподақ жұмысының жоғары талаптарына оңай бейімделуі керек. Нәтижелі іс-әрекет пен кәсіби жетістіктерге кәсіби шеберлік, шыдамдылық, қажырлы еңбек, табандылық арқылы қол жеткізіледі», – деді Майра Боранбаева.
Оның айтуынша, кәсіби көшбасшы үшін іскерлік имиджді қалыптастыру маңызды. Сонымен қатар, ол «Үш 20 ережесі» өзін-өзі таныстыру ережелерімен бөлісті.
«Әңгімелесушігежағымды әсер қалдыру үшін 3 ережені сақтау керек – 20 минут – бет-әлпет үшін, сүйкімді болыңыз, 20 сөз – көп сөздің қажеті жоқ, нанымды болыңыз және 20 секунд – мінез-құлық үшін, бірден жақсы әсер қалдырыңыз», – деді дәріскер.
Өзкезегінде тыңдаушылар ұсынылған ақпарат үшін дәріскерге алғыс айтып, семинардың практикалық маңыздылығын атап өтіп, алған дағдыларын күнделікті жұмысында қолдануға ниет білдірді.
ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиа орталығы