“Бородулиха ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі” ҚМУ директоры Асель Умербекова мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Анна Мокроусова «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ Абай облыстық филиалына ұжымдық шартқа өзгерістер енгізу бойынша туындаған сұрақтарға толық жауап алу үшін кездесті.
Ұйымның тұрақты әрі ырғақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында және қызметкерлердің өмір сүру деңгейін тұрақтандыруда ұжымдық шартқа өзгерістер енгізу бойынша әдістемелік көмек алу үшін Абай облыстық филиалының төрағасы Гүлнар Оразбекова бастап, “Бородулиха ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі” ҚМУ директоры Асель Умербекова мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Мокроусова Анна «Абай облысының кәсіподақтар орталығы» жанынан құрылған Заң клиникасына жүгінді. Заң клиникасына жүгінуінің негізгі мақсаты – жұмыс беруші жоспарлы қаржыландырудан, болмаса смета бойынша бекітілген қазыналық мекеменің өз есебінен қызметкерлерге материалдық көмек немесе сыйақы беру бойынша ұжымдық шартқа өзгерістер енгізу туралы кеңес алу.
Кездесу барысында заңгер Ержан Разбеков ұжымдық шартқа өзгеріс енгізу тәртібін түсіндірді, кәсіподақ мүшелерінің қойған сұрақтары бойынша жұмыс берушінің мекемені ұстауға арналған қаражаттан, немесе қарызы болмаған жағдайда жоспарлы қаржыландырудан, болмаса смета бойынша бекітілген қазыналық мекеменің өз есебінен қызметкерлерге материалдық көмек немесе сыйақы берудегі құқықтық жолдарын баяндады.
«Қазақстандық салалық мәдениет,спорт,туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ Абай облыстық филиалының төрағасы Гүлнар Оразбекова өз тарапынан “Бородулиха ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі” ҚМУ директоры Асель Умербекова мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Анна Мокроусоваға бүгінгі күнде филиалдың атқарып жатқан жұмыстары және алға қойған мақсаттары туралы да ақпарат берді. Кездесуге келген кәсіподақ мүшелері өз ойларын ортаға салып, көкейлерінде жүрген сұрақтарға толық қанды жауап алды.
Кәсіподақ мүшелері көрсетілген құқықтық көмек үшін алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта да бірлесіп істеген жұмыстарымыздың алға басатынына және соның арқасында ынтымақтастық орнайтынына сенім білдірді.