Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығы жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің отырысы өтті.
Жиынды «БҚО Кәсіподақтар орталығы» төрағасы Есекенова Айгүл Оразқызы ашып, Кәсіподақ жастарының мүдделерін қорғап, олардың бос уақытын пайдалы өткізіп, нетворкинг алаңын ұйымдастыру бағытындағы жобаларға өңірлік, салалық және жергілікті Кәсіподақ ұйымдары тарапынан қолдау болатынын жеткізді.
Сонымен қатар, жиналыс барысында «Келешек» жастар кеңесінің құрамы жаңартылып, нақтыланып жыл соңына дейін жоспар құрылды. «Еңбек эволюциясы. Климат. Құзіреттілік.Код» атты еңбекші жастар форумының нәтижесі мен резолюциясы талқыланды. Резолюцияны жүзеге асыруға байланысты атқарылатын жұмыстар тізімі құрылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жыл-Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялаған болатын. Соған орай Кәсіподақ жастары тарапынан да ұсыныстар айтылып, межелі жұмыстар белгіленді. Келер жыл бойына осы бағытты қамтитын ауқымды шаралар атқарылатын болады.