Кәсіподақ мүшелері салауатты өмірді таңдайды

Хромтау ауданында білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен №2 мектеп гимназиясында директор кубогына арналған волейбол турнирі өтті.
Турнирге бастауыш сыныптар бірлестігі, мемлекеттік тіл бірлестігі, гуманитарлық пәндер бірлестігі және жаратылыстану-математика пәндері бірлестігінің мұғалімдерден құралған 4 командасы қатысты.


Допты нысанаға дәлдеп лақтыру – оңай көрінгенімен, ептілік пен еңбекті талап ететін спорт түрі. Дегенмен, бұл ойынды нағыз өнерге айналдыру – ойыншылардың еншісіндегі іс.
Дода барысында командалар арасында ойынның мықтылары анықталды, – дейді ұйымдастырушылар.


Турнир нәтижесінде гуманитарлық пәндер мұғалімдерінің бірлестігі қола жүлдеге ие болса, жаратылыстану-математика пәндері мұғалімдері бірлестігі күміс жүлдені иеленді. Ал мемлекеттік тіл мұғалімдері бірлестігі жеңіс тұғырынан көрінді.


Ойын нәтижесінде үздік ойыншылар аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.