Бүгін, Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен «Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне орай салтанатты шара өтті.
Іс-шараға «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев пен Түркістан облысы бойынша ауыл, орман шаруашылығы табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлерінің кәсіподағының жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарғали Шолданбаев, мекеме басшысы Нұрбек Бадырақовпен кәсіподақ активі қатысты.
Салтанатты шарада сөз алған салалық кәсіподақ төрағасы Сапарғали Шолданбаев, ауыл шаруашылығы қызметкерлерімен ауыл шаруашылығы саласында атқарып жатқан жұмыстардың еліміздің экономикалық және әлеуметтік саласын дамытуға қосар үлесінің маңыздылығын айта келе, осы салада жұмыс істейтін мамандардың табандылығы мен адалдығы және ерен еңбегін ерекше атап өтті.
Өз кезегінде Айдар Бахтыбаев қатысушыларға еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігін сақталуы, әлеуметтік шиеліністің және еңбек жанжалдарының туындауының алдын алу мәселелері бойынша тоқталып, ауыл шаруашылығы қызмметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, қызметте толағай табыстар тіледі.
Жиын ары қарай марапаттаумен жалғасып, ауыл шаруашылығы саласында атқарып келе жатқан көп жылғы еңбектері үшін үздік қызметкерлерге «Еңбек даңқы», «Үздік қызметкер» төс белгілері мен «Алғыс хаттар» табысталды.
Өз кезегінде марапат иелері алған марапаттары үшін алғыстарын айтып, алдағы уақытта да осы бағытта тынымсыз жұмыс істейтіндерін жеткізді.