Адам құқығын қорғау – міндет

Ақтөбе  облыстық кәсіподақ орталығының Заң клиникасы негізінде Ақтөбе облысының адам құқықтары жөніндегі уәкілі мен прокуратура, полиция департаментінің мамандары мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысқан кездесу өтті.

Ашық алаңда өткен кездесуде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі Аққалқа Байдулина мен қоғамдық емес ұйым өкілдері кездесу шеңберінде өңірдегі адам құқықтарын сақтау бойынша жағдайды саралап,оның ішінде азаматтығы жоқ адамдардың құжаттандыру мәселелеріне тоқталды.

Сондай-ақ, адам құқықтарын қорғау саласындағы түрлі бағыттар бойынша тиімді өзара іс-қимыл жолдары белгіленді.

Кездесу барысында Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының заңгері Ақылбек Ділжанов  кәсіподақ орталығының  заң клиникасының жұмысы туралы толық хабардар етті.  Қазіргі уақытта Кәсіподақ орталығы жанындағы Заң клиникасы тұрақты жұмыс істейді және еңбек қатынастары мәселелері бойынша  тегін кеңес беруге және заңгерлік көмек көрсетуге дайын екендігін айтты.

Дөңгелек үстел нәтижесінде мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар арасында өзара тығыз байланыс орнату, бірлесе іс-қимыл жасау жөнінде шешім қабыланды.