Конференцияға Қазақстандық мұнай-газ салалық кәсіптік одағы төрағасының орынбасары Асқар Бисенов, Ақтөбе облысы кәсіподақ орталығының төрағасының орынбасары Ізбасар Кенжебай,«Ұлы қабырға» серіктестігінің бас директоры Люй Тяньхао және делагаттар қатысыты.
Жергілікті кәсіподақтың есеп-беру сайлау жиынында төраға Бекболат Омаров атқарылған жұмыстары туралы баяндама жасады. Әлеуметтік әріптеспен жасалған ұжымдық шарт аясында жұмысшыларың әлеуметтік, еңбек құқықтарын жақсартуға бағытталған шаралардың нақты орындалуы туралы айтылды.
Аумақтық бірлестік төрағасының орынбасары Ізбасар Кенжебай еңбек адамдарының құқығы мен мүддесін қорғайтын кәсіподақ екенін, оның әлеуметтік әріптеспен жасалған ұжымдық шартқа орай біршама бастамаларды іске асырып отырғанын тілге тиек етті.
Алдағы жылдың мамыр айына дейін төраға қызметін Бекболат Омаров атқаратын болды. Ал 2025 жылдың мамыр айынан бастап серіктестің инженерлік техникалық қызметінің бөлім бастығының орынбасары, ұзақ жылдар бұрғылаушы болып жасаған Руслан Мағазов жаңа төраға болып сайланды. Ол әзірге орынбасар қызметінде тәжірибе жинақтайды.
Жиында ұжымдық келісімшарт аясында жасалған оң жұмыстар атап өтіліп, жергілікті кәсіподақ төрағасы Бекболат Омаровқа оң баға берілді. Кәсіподақ жұмысын одан әрі дамытуға қосқан үлестері үшін бір топ еңбеккерлерге салалық кәсіподақтың алғыс хаты және зейнеткерлік жасқа жеткен 3 жұмысшыға сыйлық табыс етілді.