Ақтөбе облысының кәсіподақ орталығында «Сыбайлас жемқорлықтан таза қоғам қалыптастыру» атты кәсіподақ мүшелерімен кездесу ұйымдастырылды. Оған Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Ізбасар Кенжебай, Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталық РҚБ филиалының басшысы Әсел Мұстафина, «Атамекен» СО жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұржан Шаңғытбаев және салалық және жергілікті кәсіподақ филиалдарының жетекшілері мен қызметкерлері қатысып,ашық диалог алаңында өзара ой бөлісті.
Кәсіподақтардың еңбек ұжымдарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы Ақтөбе облыстық кәсіподақ орталығының төрағасы Ізбасар Кенжебай хабарлады.
Кәсіподақтар сыбайлас жемқорлық мемлекеттік қауіпсіздікке, заңның үстемдігіне, демократия мен адам құқықтарына, теңдік пен әлеуметтік әділеттілікке, құқық пен заң негізінде кәсіпорындар мен ұйымдардың толыққанды жұмыс істеуіне, олардың экономикалық дамуына елеулі қауіп төндіретінін түсінеді. Осы орайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының, сондай-ақ жұртшылықтың күш-жігерін біріктіру кезінде қандай да бір өзгерістерге қол жеткізуге болады.
Жиынды бастап ашқан Кәсіподақ орталығы төрағасының орынбасары Ізбасар Кенжебай сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жанама қатысы бар еңбек дауларының проблемалық мәселелеріне тоқталды.
«Бүгінде еңбек шартын жасамау, жалақыны уақытылы бермеу жағдайлары әлі күнге дейін азаймай отыр. Бізге азаматтар осындай мәселелермен арасында жүгінеді», – деп атап өтті.
Елімізде азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында қоғам мүшелерімен диалог орнату арқылы сыбайлас жемқорлық туралы түйткілді салаларды анықтауға қоғамдық бақылау туралы заң аясында жастар мен студенттер де еріктілер ретінде алдын-алу шараларына қатысуда.
Ақтөбе облыстық кәсіподақ орталығы еңбек ұжымдарымен бірқатар семинарлар, түсіндірме кездесулер өткізді, онда еңбек ұжымдары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы мәселе көтерілді.