“Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні” халықаралық акциясы басталды. Науқан жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтеді.
Акцияның негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Акция аясында әйелдер үшін өзін-өзі қорғау бойынша тренингтер ұйымдастырылуда.Сондай іс шараның бірі-«Қызмет» салалық кәсіподағының облыстық филиалы мен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Зорлық-зомбылықтың психологиялық салдары және оны жеңу жолдары» тақырыбында тренинг өтті.
Тренингке салалық кәсіподақтың бастауыш ұйым төрайымдары мен мүшелері қатысты.
Академия филиалы мамандары тренинг қатысушыларына түрлі ситуациялық ойындар мен жаттығулар өткізіп, зорлық-зомбылық орын алған жағдайда адамның өзін-өзі ұстау техникаларын үйретті.
Өткізілген тренинг қатысушылар тарапынан үлкен қолдауға ие болып, осындай ресми емес шаралардың жиі өткізілуі туралы ұсыныстарын білдірді.