Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Назира Табылдинова мен Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисова өңірлік келісімге қол қойды.
Осы келісімге сәйкес Ақтөбе облысындағы мәдениет саласы қызметкерлерінің әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғауға үлкен қадам жасалды. Қазірде мәдениет саласындағы қызметкерлердің кәсіподаққа сенімі жоғары. Кәсіподақ оларға мейлінше қолдау тынытып келеді. Бастауыш ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Әлеуметтік әріптестікпен өзара келісім шарт негізінде жұмыс жасалады.Облыстық басқарма мен өзара келісім арқылы аудандықжәне қалалық,бастауыш ұйымдармен тығыз байланыс орнатып, кәсіподақ мүшелерінің еңбек заңдылықтарының сақталуын қадағалауға баса назар аударылады.
Он жылдан астам уақыттан бері Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Манар Өтекешова да ұжымның ауызбірлігі мен ынтамағын дамытуға қызметкерлердің еңбек құқытарын жақсартуға елеулі үлес қосып келеді.
“Өңірлік келісім-шарт негізінде әлеуметтік-әріптестік кәсіподақ мүшелеріне қажетті еңбекақы, еңбек демалысы, сауықтыру жәрдемақысы, т.б. төлемдердің дұрыс төленуін қадағалаймыз. Кәсіподақ мүшелеріне сапалы қызмет көрсету мақсатында бастауыш ұйымдарының төрайымдарымен бірлесе отырып, көшпелі семинарлар өткізіп отырамыз. Кәсіподақ қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасында түрлі даулар туындаған жағдайда оң шешімін табуға қолдау көрсетеді”, – деп атап өтті кәсіподақ жетекшісі Назира Табылдинова.