Ағымдағы жылдың қараша айының соңында «Ақсуат аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ ұжымы кәсіподақ ұйымын құруға ниет білдіріп, «Абай облысының кәсіподақтар орталығы» жанынан құрылған Заң клиникасына жүгінді. Заң клиникасына хабарласып, ынтымақтастық келісімдегі міндеттер мен екіжақтың жауапкершілігі, келісімнің қолдану мерзімі және ұжымдық шарттың тараулары бойынша клиника заңгері Разбеков Ержаннан нақты кеңес алды.
2024 жылдың 2 қарашасында бастауыш кәсіподақ ұйымынын құруға қажетті құжаттармен «Қазақстандық салалық мәдениет,спорт,туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ Абай облыстық филиалына «Ақсуат аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Киршибаева Клара Ахметказиновна келіп, ынтымақтастық келісім мен ұжымдық шартқа қол қойылып, облыстық филиал құрамына тағы да бір бастауыш кәсіподақ ұйымы 45 қызметкерлермен кірді.
Облыстық филиал төрағасы Гүлнар Оразбекова жаңа құрылған бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Киршибаева Кларамен кездесу барысында келісім комиссиясын құру, оның негізгі міндекттері, ұжымдағы туындаған дауды шешу жолдары сияқты туындаған сұрақтарға жауап берді.
Кездесудің соңында филиал төрағасы Гүлнар Оразбекова «Ақсуат аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ ұжымында жаңа құрылған бастауыш кәсіподақ ұйымына келешекте бірлесіп атқаратын жұмыстарына табыс тілесе, жаңа құрылған бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Киршибаева Клара көрсетілген құқықтық көмек үшін алғысын білдірді.