Бастауыш кәсіподақ ұйымының белсенділерімен кездесу өтті

«Қалың қалай, бастауыш?» акциясы аясында жаңадан құрылған «Маңғыстау Сервис Компани» ЖШС-нің бастауыш кәсіподақ ұйымының белсенділерімен кездесу өтті.

Кездесуге «Маңғыстау облысының Кәсіподақтар орталығы» аумақтық Кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары И.Науханов, «Киелі мекен» жергілікті кәсіподақ бірлестігінің төрағасы А.Байболатов, «Маңғыстау Сервис Компани» ЖШС-нің бастауыш кәсіподақ ұйымының бір топ белсенділері: А.Буркитов, Е.Кошенов, М.Кубайдулаев, Қ.Ұзақ.
Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары И.Науханов, кездесуді аша отырып, 2024 жылды ҚР Кәсіподақтар федерациясы «Лайықты еңбек жылы» деп жариялағанын және осы республикалық акцияның еңбек ұжымдарында өзекті мәселелерін анықтау мен шешудегі тиімділігі бар екенін атап өтті.


Бастауыш кәсіподақ ұйымы жақында құрылғандығы ескеріле отырып, кездесу барысында, ҚР Кәсіподақтар туралы Заңына сәйкес Кәсіподақтың атқаратын қызметі және әлеуметтік серіктестік жөнінде түсіндіріліп, ҚР «Еңбек Кодексі» бойынша да мәселелер талқыланды.
Бастауыш кәсіподақ ұйымы белсенділерінің сұрауы бойынша ұжымдық шарттың қызметтері мен міндеттері және мәні мен шарттары туралы заңға сәйкес түсінік берілді.
Кездесуді қорытындылай келе, И.Науханов бастауыш кәсіподақ ұйымы белсенділеріне алдағы уақытта кез келген еңбек қатынастары бойынша туындаған мәселелерін ҚР заң шеңберінде қарауларын ескертіп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.