Еңбек даулары мен өндірістік жарақаттанудың алдын алу мәселелері қаралды

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Қарағанды облысының салалық және жергілікті кәсіподақтарының аумақтық құрылымдары өкілдерінің Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Оған әлеуметтік әріптестер – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ораз Таурбеков, облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы – Әсем Жүніспекова және әлеуметтік әріптестік  пен  әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Қарағанды облыстық үшжақты комиссиясының үйлестірушісі- Мадина Альбазарова қатысып, өз пікірлерін білдірді.

Облыстың кәсіподақ орталығының, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының салалық және жергілікті кәсіподақтарының аумақтық құрылымдарының 2024 жылғы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, еңбек дауларын шешу және басқа да қызмет бағыттарына қатысты жұмыстардың қорытындылары қаралды.

Қарағанды облысы Кәсіподақ орталығының төрағасы Болат Жұмабеков қатысушыларды облыс кәсіподақтарының жұмыскерлердің құқықтарын қорғау, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қоғамдық бақылау, еңбек дауларының алдын алу, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және еңбекке құрмет көрсету, жастар кәсіподақ қозғалысын дамыту жөніндегі жұмыстары туралы хабардар етті. 2024 жылдың 10 айында аумақтық кәсіподақтар бірлестігі облыстық салалық кәсіподақтармен бірлесіп, еліміздің еңбек және кәсіподақ заңнамасын қолдану бойынша кәсіподақтардың 1 286 мүшесін қамтитын 31 оқыту семинарын ұйымдастырды. Сонымен қатар, келісім комиссияларының 700 – ден астам мүшесі арнайы оқудан өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев алдағы 2025 жылдың Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланғандығын, Қазақстанда кәсіподақтар құрылуының 120 жылдығын және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығын ескере отырып, Қарағанды облысы Шет ауданының аумағында орналасқан Успен мыс кенішінде 1905 жылы жұмысшылардың бірінші одағының құрылу тарихы туралы көркем деректі фильм түсіру және кәсіподақ қозғалысының қазіргі заманғы дамуы; осы оқиғаға орай мемориалдық белгіні орнату, облыстағы білім беру ұйымдары мен ірі кәсіпорындар арасындағы Меморандумдар арқылы жастарды оқытуға және кәсіпорындарда қажетті жұмысшы мамандықтарына жұмысқа орналасуға бағытталған облыстағы дуальді оқытуды жаңарту, онда кәсіподақтар қажетті көмекті және қолдау қамтамасыз етеді.

Ораз Таурбеков әлеуметтік әріптестіктің негізгі аспектілеріне, кәсіподақтар мен еңбек ұжымдарымен кері байланыс жасаудың маңыздылығын атап өтп, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуде, еңбек саласындағы даулардың туындауына байланысты алдын алу шараларын жүзеге асыруда және еңбек адамдарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған кәсіподақтар тарапының бастамаларын тәжірибеге енгізуде жаңа тәсілдерді қолдауға назар аударды.

Үйлестіру кеңесінің мүшелері әлеуметтік мәселелер бойынша алқалы шешімдерді бастауыш кәсіподақ ұйымдарында еңбек ұжымдарын ақпараттандыру мен  түсіндірудің маңызды екендігін еске салды.

Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының төрайымы Алмакүл Өсерова және білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық ұйымының төрайымы Алмагүл Ракишева жалақысы төмен қызметкерлердің демалысына ынталандырушы үстемеақылар мен сауықтыру жәрдемақыларын төлеу қажеттілігіне қатысты маңызды мәселелерді көтерді.

Үйлестіру кеңесінің мәселелерін талқылауға “SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық және жергілікті кәсіподақтарының облыстық филиалдарының, “Қазуглепроф” салалық көмір өндірушілер кәсіподағының “Қорғау” көмір өндірушілерінің, “Жақтау”, “Қазпрофтранс” металлургтерінің, ағарту, ғылым және жоғары білім беру қызметкерлерінің, заң клиникасының және кәсіподақ жанындағы “Келешек” жастар кеңесінің өкілдері: Ноян Бидайбаев, Евгений Буслаев, Яхия Альмусин, Алмакүл Усерова, Света Шардарбекова, Алмагүл Ракишева, Абай Сабденов,  Марат Жақсыбеков пен Аймира Баграмова белсенді атсалысты.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы қызметінің 2025-2030 жылдарға арналған стратегиясының жобасына, алдағы 2025 жылға – жұмысшы мамандықтар жылына арналған бірлескен іс – шаралар жоспарына ірі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының есептік-сайлау конференцияларына аумақтық кәсіподақтар бірлестігі өкілдерінің қатысуы  туралы  ұсыныстар қаралды.

Кәсіподақтар тарапы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Қарағанды облыстық үшжақты комиссиясының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына енгізу үшін бірқатар мәселелерге ұсыныстар жасады.

Кездесу соңында Ораз Қайсайұлы кәсіподақ алаңындағы сындарлы диалог үшін алғысын білдіріп, бірлескен іс-қимылмен біз қойылған мәселелерді шешіп, қызметтің барлық қызметкерлердің мүдделерін қорғау үшін бастамашылық еткен ұсыныстарды іс жүзінде іске асыра алатынымызды атап өтті.

Алдағы уақытта басқа да мәселелер бойынша кәсіподақтар тарапының өкілдерімен қосымша кеңестер өткізу жүзеге асырылатын болады.