«Mangystau Service Company» ЖШС-нің жұмыс берушісімен бастауыш кәсіподақ арасындағы мәселелер бойынша келіссөздер отырысы өтті.
Отырысқа «Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы С.Бекгалыев, төраға орынбасарлары О.Қанбаев, И.Науханов, бас маман Р.Мақтан, «Киелі мекен» кәсіподақ бірлестігінің төрағасы А.Байболатов, «Маңғыстау сервис компани» ЖШС-нің бас директоры Қ.Шурин, объект басқарушысы А.Иманбаева, қоғаммен байланыс жөніндегі маман М.Тауманов, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Бүркітов қатысты.
Отырысты «Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы С.Бекгалыев ашып, бүгінгі жиналыстың себептері мен мақсаттарын айқындап, кәсіподақ бірлестігінің басты мақсаты жұмыскерлердің талаптарын заңдастырып, оларды жүзеге асыруда екі тарап арасында ортақ мәмілелерге қол жеткізіп, үйлестіріп, өңіріміздегі еңбек саласында әлеуметтік тұрақтылықты сақтау мақсатында жанжалды жағдайларды алдын алу және оған жол бермей, келіссөздер жүргізу екенін жеткізді.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ««Mangystau Service Company» » ЖШС-нің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Бүркітов жұмысшылар талабын таныстырып, талаптар орындау мақсатында ұжымдық шарттың комиссиясын құру жөнінде және комиссия мүшелігіне жұмысшылар тарапынан өкілдерін бекіту үшін жұмыс берушіге хабарлама жібергендігін айтып өтті.
Отырысты қорытындылай келе, С.Бекгалыев комиссия мүшелерін бекітіп, комиссия отырысын бастау және бастауыш кәсіподақ жұмыстарына жұмыс беруші тарапынан кедергі-тосқауылдар қойылмай, кәсіподақ жұмыстары ары қарай кедергісіз жүргізу жөнінде бірқатар тапсырмалар берді. Сонымен қатар, алдағы уақытта басқа да туындайтын еңбек қатынастары туралы мәселелер, келіссөздер арқылы жүргізілетіндігін ескертті.
«Mangystau Service Company» ЖШС-нің бас директоры Қ.Шурин өз кезегінде, серіктестік жанынан ашылып отырған бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысына жұмыс беруші тарапынан кедергі-тосқауылдар қойылмайтынын және алдағы уақытта кәсіподақ ұйымымен бірігіп жұмыс жасайтынын жеткізді.