Семей қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі халықаралық акцияға қатысуда

«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясының аясында Семей қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің бастауыш кәсіподақ төрағасы Шынар Абеуова мен  кітапхананың белсенді кәсіподақ мүшелері қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Нұргүл Амангелді және бөлім қызметкерлері кітапхананың оқу залында «Отбасы мемлекет тірегі» атты ашық кітап көрмесін ұйымдастырды.  Бұл гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік – 25 қарашада әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күнінен басталып, 10 желтоқсан Адам құқықтары күніне дейін жалғасатын жыл сайынғы халықаралық науқан. Бұл шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.
 Шара барысында келесі атаулы күндерге ерекше назар аударылды: әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күнін БҰҰ Бас Ассамблеясы 1999 жылы ресми түрде жариялап, 25 қараша – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күні деп есептеліп, дәл осы күні «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік» акциясы басталды.
  Иммундық тапшылық вирусы және жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы бүкіл әлемде үрейлі түрде таралғандықтан, 1 желтоқсан Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күнін де қалыс қалтырмай, көрмеде ол туралы ақпараттар өз орнын тапты.
Ал 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ-ға мүше елдердің үкіметтері Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына қол қою арқылы «өмір сүруге, еркіндікке және жеке бас қауіпсіздігіне барлық адамдар үшін» адам құқықтарын мойындап, 10 желтоқсан – Халықаралық адам құқықтары күні деп шешім қабылдады. Бұл күндер әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық пен адам құқықтарының бұзылуы арасындағы символдық байланысты көрсетеді.
25 қараша Біріккен Ұлттар Ұйымы бекіткен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күні. Осы күннен бастап әлемнің әртүрлі елдерінде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесіне назар аударуға бағытталған 16 белсенді күн басталады. Жыл сайынғы науқан 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтеді.
Кітап көрмесінде оқырман қауымға отбасы құндылықтары мен салауатты өмір салтын ашатын құқықтық құжаттар, медициналық, көркем, психологиялық әдебиеттер ұсынылды. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты тоқтату жөніндегі жұмысымыз жалпы әйелдер құқықтарын ілгерілету жөніндегі жұмысымыздың саналы бөлігі деп саналғандықтан, оқырмандарға библиографиялық шолу жасап, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, олардың зорлық-зомбылық түрлері мен олардың салдары, оның алдын алу әдістері туралы пікірлері ортаға салынып, шешу жолдарындағы шығармашылық көзқарастары көпшілікті ойға салды.
Сонымен, біздің ойымызша,  акция аясында әйелдерге арналған өзін-өзі қорғау тренингтері, конференциялар, дөңгелек үстелдер, зорлық-зомбылыққа қарсы тұру тақырыбында көркем көрініс және басқа да іс-шаралар жоспарланып қана қоймай, мағыналы түрде өткізілгені дұрыс деп санаймыз.