Кәсіподақ еңбек инспекциясының қызметкерлеріне құрмет көрсетті

«16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесі қарсаңында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде болып, жаңадан тағайындалған департамент басшысы Жеңіс Мақұлбаевпен кездесті.  Ол алдағы уақыттағы жұмыскерлер мен қызметкерлердің еңбек құқығын қорғауда атқаратын жұмыстарына сәттілік тілеп,  еңбек қатынастарының бүгінгі жағдайына шолу жасап, алдағы кезде бірлесе атқаратын жұмыстарының басымдық бағыттарын айқындады.


Қорытынды жиында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы департамент қызметкерлерін «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесімен құттықтап, бірлесе атқарған жұмыстардың нәтижесімен бірқатар қызметкерлерге кәсіподақ наградаларын табыстады.


Атап айтқанда, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төс белгілерімен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бөлім басшылары Ғалымжан Шарипов, Әлжан  Мамадалиев және Нұркелді Дүйсенбаев  , филиалдың «Құрмет грамоталарымен» департаменттің бас мамандары Айнұр  Баймбетова және Мейіршат Әлімхан , сондай-ақ филиалдың «Алғыс хаттарымен» департаменттің бас мамандары Күдебек Бағила және Айнұр  Жақсылық марапатталды.


Жиын соңында департамент басшысы Жеңіс Тілләбайұлы «Қызмет» салалық кәсіподағының атына алғысын айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.