Жанаргүл Нұрдаулетқызы Ақтөбе облыстық мемлекеттік архивінде 2018 жылы архивист болып жұмысқа орналасып, 2023 жылдан бастап «Архив құжаттарын пайдалану және жариялау» бөлімінің басшысы лауазымын атқарып келеді.
Жалпы еңбек өтілі 31 жыл.
Жанаргүл Нұрдәулетқызы архив саласының қызметін насихаттау, дәріптеу негізінде архив құжаттарының дерек көздерін пайдалана отырып, көптеген іс-шаралар аясында тарихи-құжаттық көрмелер, танымдық сағаттар, дөңгелек үстелдер, кезесулер, сайыстар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен тығыз байланыс жасап Республикалық журналдармен, облыстық жергілікті газет-журналдарға мақалалар жариялау мақсатында аянбай еңбек етіп келеді.
Ұжым арасында беделді, адамгершілігі мол, қарапайым, бойында шығармашылық қасиеттері де бар, жас мамандарға жол көрсетуде аянбайтын, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып, түрлі жарыстармен сайыстарға қатысып, ұжымның абыройын көтеріп, әріптестерінің зор ықыласына бөленген қызметкер ретінде таныла білді.
Спортты жаны сүйетін Жанаргүл Нұрдәулетқызы «Қазақстандық салалық, мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ Ақтөбе облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткізілетін шаңғы тебу спарткиадасына, волейбол, жеңіл атлетика спорттық жарыстардан қалмай қатысып жүлделі орындарға қол жеткізіп, ұжымының абыройын арттыруға өз үлесін қосып марапттармен бағалы сыйлықтарға ие болды.
Архив саласындағы адал еңбегі үшін 2020 жылы Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві директорының, 2022 жылы Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысының, 2023 жылы Ақтөбе облысының әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Қашан да өз әріптестерінің ортасында беделді, жауапкершілігі жоғары жан.